«Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/631-6с шешiмi
Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/284-VIII шешiмiмен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №56 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 6 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдамасында белгіленген тәртіппен: