Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 113 «2022-2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2022 жылғы 9 қарашадағы № 202 шешімі
ШЕШТІ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25823 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2022 - 2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 88 206 926,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 60 152 756,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 352 789 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 637 736 мың теңге;
трансферттер түсімі – 23 063 644,9 мың теңге;
2) шығындар – 96 280 927,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 855 496 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 1 132 269 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 276 773 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 168 319,2 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 168 319,2 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) – - 9 097 815,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) – 9 097 815,6 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсiмi – 6 897 882 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 8 744 509 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 10 944 442,6 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімдегі 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімдегі 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе қалалық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы | Ж. Омарова |
Ақтөбе қалалық мәслихатының
2022 жылғы 9 қарашадағы
№ 202 шешіміне 1 қосымша
Ақтөбе қалалық мәслихатының