1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің шеңберінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға қосымша қаржы қаражатын бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 256 Қаулысы
(2023.14.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 6 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім (бұдан әрі - ӨБТК) шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2023.14.08. № 671 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің:
1) жобалар бойынша мәміле жасасу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамына сәйкес АҚШ долларымен қайта есептей отырып, осы қаулыға қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларына ӨБТК-ге 5-қосымшаға сәйкес мердігердің 2023 - 2025 жылдар кезеңіне ӨБТК бойынша 82400000000 (сексен екі миллиард төрт жүз миллион) теңге мөлшерінде қосымша қаражат шығындарды бөлуі туралы;
жоғарыда аталған шығындарды ӨБТК шарттарында көзделген өтелетін шығандарға жатқызу туралы ұсынысына келісім берілсін.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 28 наурыздағы
№ 256 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының
әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларының
тізбесі
| № | Жобаның атауы | 2023 - 2025 жылдар барлығы |
| мың теңге |
| 1 | 2 | 3 |
| Бөрлі ауданын дамыту | 21500000 |
| Әлеуметтік жобалар | 21500000 |
| Білім беру | 15750000 |