Павлодар қаласының ауылдар, Ленин кенті және Кенжекөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 285/37 шешімі
(2022.07.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабы 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» № 295 бұйрығына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласының ауылдар, Ленин кенті және Кенжекөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті (бұдан әрі - Регламент) бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім халық саны екі мың адам және одан аз ауылдар үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Регламенттің 4-тармағының 1) - 6) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Б. Смағұлов |
| Қалалық мәслихат хатшысы | З. Мұқашева |
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2022.07.04. № 131/18 шешімімен регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Павлодар қалалық мәслихатының
2018 жылғы 29 маусымдағы
№ 285/37 шешімімен бекітілген
Павлодар қаласының ауылдар, Ленин кенті және Кенжекөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының
регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер