Введите номер документа
Прайс-лист

«Цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезіндегі фотограмметриялық жұмыстар жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қазандағы № 335 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 21 октября 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 27 декабря 2022
Дата последнего измененияпятница, 21 октября 2022

Цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезіндегі фотограмметриялық жұмыстар жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қазандағы № 335 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезіндегі фотограмметриялық жұмыстар жөніндегі әдістеме бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

Е. Карашукеев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

2022 жылғы 21 қазандағы

№ 335 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезіндегі фотограмметриялық жұмыстар жөніндегі

әдістеме

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезіндегі фотограмметриялық жұмыстар жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-9) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы Әдістеме цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезінде фотограмметриялық жұмыстар жүргізу үшін қолданылады.

3. Цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезінде фотограмметриялық өңдеу үшін ғарыштық аппараттардан, басқарылатын әуе кемелерінен және пилотсыз ұшу аппараттарынан алынған суреттер қолданылады.

4. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом