Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын пилотсыз ұшу аппараттарын жоюдың техникалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 350 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнің 70 - бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын пилотсыз ұшу аппараттарын жоюдың техникалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;