Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік кірістер органына салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 103 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 72 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 23-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік кірістер органына салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 18 ақпандағы
№ 103 бұйрығымен бекітілген
Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік кірістер органына салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік,