«Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 485 қаулысына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 322 бірлескен қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 39/4 шешімі
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 10-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 485 қаулысына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/8 шешіміне (2016 жылғы 1 ақпан «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3572 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен облыс әкімдігінің қаулысына және облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша осы бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.