Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы
Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 32 шешімі
(2016.09.12. берілген өзгерістермен)
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVII сессиясының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 224 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлері белгіленсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі айқындалсын.
3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес, Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Алматы қаласы мәслихатының аппараты:
1) осы шешімді Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х. Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін (келісім бойынша).