«Ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/273 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бектілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ А-6/273 қаулысымен бекітілді
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі (бұдан әрі - шешім) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процеcінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы