Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1703 Қаулысы
(2017.27.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 қазандағы
№ 1703 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінеенгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2017.27.03. № 140 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 19 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 3, 18-құжат):
көрсетілген қаулымен құрылған Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
| Трошихин Михаил Васильевич | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауылдық аумақтар істері комитеті төрағасының орынбасары, хатшы |
| Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
| Былқылов Мәжит Текешұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары |
| Беков Амангелді Әуезханұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті төрағасының орынбасары |