Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құқық қорғау қызметін өткерудің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 103 бұйрығы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 17 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1081 қбпү қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі туралы ереженің 25-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің дербес деректері жазылған жеке істерін жүргізу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары мен шарттары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру қағидалары;