Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 16-тармағының 56-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімінің нысаны бекітілсін.
2. «Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен куйін күнтүзбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы | А. Жаилғанова |
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
2021 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 158 бұйрығына
1-қосымша