Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 146 бұйрығы
Осы редакция 2026 ж. 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 64-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормалары, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 6 сәуірдегі
№ 146 бұйрығымен
бекітілген
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт пен баға нормаларын есептеу
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер