Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 285/5 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облыстық әкімдігінің 2019.14.08. № 248/2 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 22/1 қаулысымен
Бекітілді
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы
шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.14.08. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1000 бұйрығымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау