Павлодар облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 285/5 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Байхановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
Павлодар облысы әкімдігінің
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 285/5 қаулысына
қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы саласындағы күші жойылған кейбір қаулыларының
тізбесі
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 170/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4611 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 211/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4674 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).