Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 211/7 Қаулысы
(2019.13.05. берілген өзгерістермен)
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 285/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Павлодар облыстық әкімдігінің 2019.13.05. № 146/2 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.
2. Мыналар күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 129/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3844 болып тіркелді, 2014 жылғы 21 маусымда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды):
«Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау»;
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау»;
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері алынып тасталсын;
2) Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі «Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 129/4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 309/9 қаулысында (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4136 болып тіркелді, 2014 жылғы 22 қарашада «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды):
«көрсетілген қаулымен бекітілген «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
3-бөлімнің 8-тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: