Павлодар облыстық әкімдігінің 2015.17.07. № 211/7 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 24 сәуірдегі
№ 129/4 қаулысымен
бекітілген
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.25.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Кейіннен көрсетілетін қызметті алушылардың банк есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем есепшоттарының тізілімін ұсыну мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушы өтінген кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1542 қаулысымен бекітілген «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-тармағымен көзделген құжаттар мемлекеттік қызметті ұсынуға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін - 29 (жиырма тоғыз) жұмыс күнінен артық емес.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны: