2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 158-2200 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тиісті қаржылық жылға осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде әлеуметтік-пайдалы бағыты бар және жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) өтінімдер берген ұйымдар мен кәсіпорындар Тізбеге енгізуге жатады.
2. «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері Басқармамен бірлесіп 2015 жылы қолайлы жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
3. Ақылы қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты:
өтініш берген жұмыс орындары қажеттілігі санында - 3310 адамға;
бекітілген жұмыс орындары қажеттілігі санында - 1375 адамға белгілесін.
4. Ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылатын жұмыссыздарға еңбекақы төлемі Астана қаласының 2015 жылға арналған бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде ең төменгі еңбекақыдан екіден артық емес көлемінде нақты орындалған жұмыс көлемі үшін жергілікті бюджет қаражатынан жүргізілсін.