Рудный қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 187 шешімі
(2018.23.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 21 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2018.13.02. № 218 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.27.04. № 250 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2018.13.06. № 259 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2018.24.07. № 271 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.23.08. № 288 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Рудный қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 15 364 588,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 12 341 382,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 35 553,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 1 453 686,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша - 1 533 967,3 мың теңге;
2) шығындар - 16 034 023,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 20 000,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 20 000,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 37 333,5 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 37 333,5 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 686 769,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 686 769,1 мың теңге.