«Білім берудің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 180 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 18 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Білім берудің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 180 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Е. Көшербаев |
«Келісілді»
Шығыс Қазақстан облысы
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының
басшысы
Ф. Бельбеев
2025 жылғы «29» қаңтар
«Келісілді»
Шығыс Қазақстан облысы
қаржы басқармасының
басшысы
С. Большакова
2025 жылғы «29» қаңтар
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы 29 қаңтардағы
№ 18 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы «15» шілдедегі
№ 180 қаулысына
3-қосымша