Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3-VIII «Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 40/7-VIII шешімі
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының «Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9032-16 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары»;
келесі мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын: