Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3-VIII шешімі
(2026.18.04. берілген өзгерістермен)
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2025.19.12. № 40/7-VIII шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2025.19.12. № 40/7-VIII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын.
2. Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес Өскемен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы | А. Светаш |
Өскемен қалалық мәслихатының
2024 жылғы 4 маусымдағы
№ 22/3-VIII шешіміне
1-қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2025.19.12. № 40/7-VIII шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)