Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды амалсыз сою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 45 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 345 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 427-бабы 4-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды амалсыз сою қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | Е. Карашукеев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 1 ақпандағы
№ 45 бұйрығымен
бекітілген
Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды амалсыз сою
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды амалсыз сою қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 427-бабы 4-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды амалсыз сою тәртібін айқындайды.