«Ерiктi өрт сөндiрушiлердi бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 888 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 352 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ерiктi өрт сөндiрушiлердi бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 888 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12416 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабының 1-тармағының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі | Ч. Аринов |
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 22 тамыздағы
№ 352 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 қарашадағы
№ 888 бұйрығымен
бектілген
Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу
бағдарламасы
| р/с № | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
| барлығы | оның ішінде |
| аудитория | практикалық |