Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 28 бұйрығы
(2025.16.06. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі | А. Куантыров |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 30 наурыздағы
№ 28 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025.02.06. № 48 бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025.02.06. № 48 бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)