Көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 243 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 152 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 17-бабы 27) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже бекітілсін.
2. «Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге, сондай-ақ бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы және оның құрамы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 6 қазандағы № 347 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6610 тіркелген; «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355).
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жолдануын;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ғаламтор-ресурстарына және мемлекеттік органдардың ғаламтор-порталдарында осы бұйрықтың орналасуын;