Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 396 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің;