«Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 24 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8181 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 237 (28715) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығында:
Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Нұсқаулыққа 7-қосымшада:
11, 13 және 15-кестелер осы бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Нұсқаулыққа 26-қосымшада:
24-кесте осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.