Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығы
(2020.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен күші жойылды
Осы бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.25.05. № ҚР ДСМ-56/2020 бұйрығын қараңыз (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.10.04. № ҚР ДСМ-22 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.31.12. № ҚР ДСМ-156 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.17.02. № ҚР ДСМ-10/2020 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020.22.06. № ҚР ДСМ-71/2020 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.11.07. № ҚР ДСМ-83/2020 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу акушерлік-гинекологиялық бейін бойынша емделіп шығу жағдайының күрделілігін ескере отырып, клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;