Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 573 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 381-НҚ бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2026 ж. 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдау.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант | Ш. Әрінов |
| Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі | А. Шаққалиев |
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 573 және Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 381-НҚ
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелері
| № | Объектісі мен қолдану саласы көрсетілген өлшем атауы | Метрологиялық талаптар | Ескертпе |
| Өлшемдер ауқымы | Шекті рұқсат етілген қателігі немесе дәлдік тобы | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| Өнеркәсіптік кауіпсіздік саласында |