Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 1234 бірлескен қаулысы және Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 7 шілдедегі № 18/164-VII шешiмi
(2024.13.07. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шымкент қаласында бесінші аудан құрылсын.
2. Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және бесінші аудандарының шекаралары осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Осы бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы | Ш. Мұқан |
| Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы | Б. Нарымбетов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2024.14.06. № 2818 бірлескен қаулысымен және Шымкент қаласы мәслихатының 2024.14.06. № 17/152-VIII шешiмiмен қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 7 шілдедегі
№ 1234 мен
Шымкент қаласы мәслихатының
2022 жылғы 7 шілдедегі
№ 18/164-VII
бірлескен қаулысы мен
шешіміне қосымша
1. Шымкент қаласы Абай ауданының шекарасы
Абай ауданы Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Абай ауданының шығыс бөлігі Қаратау ауданымен шектеседі. Оңтүстік-батыс бөлігі Тұран ауданмен шектеседі.
Шекара Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігінен басталып, қаланың солтүстік шекарасымен магистралдық жолдан бастап Түркістан қаласы бағытында, ұзақтығы 8923,6 метр, Бәйдібек би даңғылының қиылысына (Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылына бағыт) дейін жетеді.