Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1602 Қаулысы
(2018.03.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2018.03.04. № 153 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1602 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік
тұрғынжайларды қалыптастыру және беру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғынжайларды қалыптастыру және беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі (бұдан әрі - Заң) және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.