«Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 32 бұйрығы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына және «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 35-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12608 тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық бюджеттен бюджеттiк субсидияларды төлеу, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте республикалық театрлардың, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері осы Қағидаларға 1-1 қосымшада көрсетілген мөлшерден аспайды.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;