Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамалары мен нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 26 тамыздағы № 271 бұйрығы
(2017.03.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 52) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 627 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамасы мен нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Комитет Төрағасы | Н. Әбіқаев |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2014 жылғы 26 тамыздағы
№ 271 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын
бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің
сипаттамасы мен нысаны
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Академиясының айырым реквизиттері - шеврон мен эмблеманың
сипаттамасы мен нысаны
1-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Академиясының айырым реквизиті - шевронның
сипаттамасы мен нысаны