Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАУАР БЕЛГІСІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАЛПЫҒА БІ...

Информация о документе
Датавторник, 28 августа 2018
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 28 августа 2018

Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1318 бұйрығы

 

Осы редакция 2022 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

М. Бекетаев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2018 жылғы 28 тамыздағы

№ 1318 бұйрығымен бекітілген

 

 

Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға

бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы

 ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Тауар таңбалары туралы заң) 18-1-бабына сәйкес әзірленді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом