Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 Қаулысы
(2025.31.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
ҚР Үкіметінің 2024.25.07. № 602 Қаулысымен (2024 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.08. № 635 Қаулысымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 24 қарашадағы
№ 1041 қаулысына
1-қосымша
Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға
жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың
тізбесі
Мынадай шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар:
1) қандастар;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін келген бизнес-көшіп келушілер;
3) босқын мәртебесін немесе пана іздеген адамның куәлігін алғандар;
4) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес гуманитарлық уәж бойынша көшіп келушілер болып табылатындар;
5) Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан шартты түрде айыруға, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандар;