Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 7 қазандағы № 35-Қ «Қарағанды облысында карантиндік шараларды кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 29 қазандағы № 36-Қ Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 7 қазандағы № 35-Қ «Қарағанды облысында карантиндік шараларды кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 29 қазандағы № 36-Қ Қаулысы (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

«Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 7 қазандағы № 35-Қ «Қарағанды облысында карантиндік шараларды кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер толықтырулар енгізу туралы
Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 29 қазандағы № 36-Қ Қаулысы

 

Мен, Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Г.Ж. Байгутанова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 9 бабының 8 тармағына 38, 85, 102, 104 және 107-баптарына, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына, «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47/2021 бұйрығымен, Қарағанды облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 47 қаулысының негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 07 қазандағы № 35-Қ «Қарағанды облысында карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына (бұдан әрі - қаулы) өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

1) қаулының 3-тармағының 3.3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жұмыс және демалыс күндері сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына сағат 03.00-ге дейін жұмыс режимі белгіленсін;

Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинациялау; сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тестің болуы; КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс істеуіне жол беріледі.

Осы тармақта көзделген «жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;»;

Бұдан басқа, осы қаулының 1-қосымшаның II кестесіне сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда, қызметкерлер мен келушілерде (вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР-тест сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдарда) жұмыс режимі бойынша шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі;»;

2) қаулының 3-тармағының 3.48-тармақшасы мынадай мазмұндағы 36-абзацпен толықтырылсын:

«түнгі клубтар.»;

3) қаулының 3-тармағының 3.7-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау.

Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі

Берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде келушілердің, ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерінің пациенттеріне (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) баруға рұқсат етіледі;»;

4) қаулының 17-тармағының 17.34-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген COVID-19-бен ауратын науқастарға және олармен байланыста болған адамдарға «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес амбулаториялық деңгейде ем алып жүрген COVID-19-бен ауыратын науқастарды және үй карантиніндегі COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттігі туралы қолхат (бұдан әрі - қолхат) бере отырып, қол қойғызып хабарлауды;»;

5) қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

6) қаулының 20-қосымшасындағы І тараудың 2-тармағының 13-тармақшасы алып тасталсын;

7) қаулының 25-қосымшасының 1-тармағы алып тасталсын;

8) қаулының 37-қосымшасының 8 және 9-тармақтары алып тасталсын;

9) қаулының 40-қосымшасының 15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ashyq» әкімшісінің құқығы бар адам «қызыл» және «сары» мәртебесі бар келушілер бойынша есепті күнделікті жүктеп алуды қамтамасыз етеді және Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және оның аумақтық басқармаларына жібереді;»;

10) қаулының 50-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

11) қаулының 51-қосымшасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

 

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

орынбасары

 

 

 

Г.Ж. Байгутанова

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

орынбасарының

2021 жылғы 29 қазандағы

№ 36-Қ қаулысына

1 қосымша

 

Қарағанды облысы

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігері орынбасарының

2021 жылғы 07 қазандағы

№ 35-Қ қаулысына

1 қосымша

 

 

I. «Ashyq» жобасына қатысушы әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін

шектеу критерийлері

 

№ р/с

Объектілер / салалар****

Сары аймақ

1

2

4

1.

Мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) *

50%-ға дейін толтырылған кезде, 60 орыннан артық емес

Алкогольдік ішімдіктерді сатпай асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілері (үй-жайда)

(тәулік бойы)

Жазғы алаңдар

+

Фуд-корттар

20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын толтыру кезінде

Банкет залдары ** (еске алуды өткізу)

толымдылығы 30%-дан аспаған кезде, бір адамға кемінде 4 шаршы метр, бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету

Банкет залдары** (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету)

50%-ға дейін толтырылған кезде, 60 орыннан артық емес

2.

Сауналар, моншалар

+

3.

СПА-орталықтары

+

4.

Бассейндер

+

5.

Спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтар

+

6.

Мәдениет объектілері (дайындық)

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентімен вакцинацияланғандар

7.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар *

толымдылығы 40%-тан аспайды

8.

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

толтырылуы 75%-дан аспайтын, бірақ 25 адамнан аспайтын кезде

9.

Облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар

+

10.

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

толтырылуы 75%-дан аспайтын, бірақ 25 адамнан аспайтын кезде

11.

Бильярд бөлмелері

толымдылығы 50%-ден аспаған кезде

12.

Компьютерлік клубтар, соның ішінде PlayStation клубтары

толымдылығы 50%-дан аспаған жағдайда тек 12 жасқа толған және одан үлкен тұлғалар ғана жіберіледі

13.

Боулингтер

толымдылығы 50%-ден аспаған кезде

14.

Караоке

толымдылығы 50%-дан аспайтын, бірақ 50 адамнан аспайтын кезде

15.

Океанариум

топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

16.

Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, офистер және басқалар)

Жеңілдіктерсіз

17.

Лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де нүктелері

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету кезінде

18.

Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық), ауданы 1000 ш.м. дейін қоса алғанда

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету кезінде

Ауданы 1000 ш.м. астам балалар ойын-сауық орталықтары (жабық)

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 100 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету кезінде

19.

Цирктер

толымдылығы 40%-тан аспайды

20.

Отелдер, қонақ үйлер

+

21.

Әуежайлар

+

22.

Теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автоөтпе жолдар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері

+

23.

ХҚКО*****

+

24.

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері

+

25.

Базарлар (жабық)

+

26.

Балаларды сауықтыру ұйымдары

+

27.

Букмекерлік кеңселер

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету кезінде

28.

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсету салондары (жазба бойынша)

+

29.

Білім беру объектілері, ЖОО, колледждер, білім беру орталықтары (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін)

+

 

«+» - қызметке рұқсат етілген;

«» - қызмет ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген;

«-» - қызметке тыйым салынады;

* - ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген, толтыру шарттары объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған;

** - банкет залдары мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша ас беру және келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді;

*** - «қара-қызыл» аймақ - қатер деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсектердің толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және 200-ден астам 100 мың тұрғынға шаққанда төсектердің толтырылу көрсеткіші кезінде);

**** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).;

***** - облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс режимі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ХҚКО кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі.»;

 

II. Қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» болған жағдайда «Ashyq»

жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу

критерийлері

 

№ р/с

Объектілер / салалар****

Сары аймақ

1

2

4

1.

Салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізу

50%-ға дейін толтырылған кезде, 70 орыннан артық емес

2.

Конференциялар, форумдар, ойын-сауық, адамдар көп жиналатын және өзге де іс-шаралар

50%-ға дейін толтырылған кезде, 70 орыннан артық емес

3.

Көрмелер

толтырылуы 70% артық емес, бір уақытта 300 келушіден артық емес

4.

Марафондар (ашық ауада)

800 адамнан артық емес

5.

Көрермендермен спорттық іс-шаралар

толымдылығы 70%-тен аспаған кезде

6.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар)

толымдылығы 30%-дан аспаған кезде

7.

Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық ету)

толымдылығы 30%-дан аспаған кезде

8.

Ойын клубтары (казино)

+

9.

Түнгі клубтар

50%-ға дейін толтырылған кезде, 70 орыннан артық емес

 

III. «Ashyq» жобасына қатыспайтын, әлеуметтік-экономикалық объектілердің

жұмысын шектеу өлшемдері

 

Объектілер / салалар

Сары аймақ

 

1.

Өнеркәсіп

+

 

2.

Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда)

+

 

3.

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

+

 

4.

Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т.б.).

+

 

5.

Туристік компаниялар, бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.)

+

 

6.

Гүл дүкендері, фотосалондар

+

 

7.

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

+

 

8.

Мұражайлар, кітапханалар

+

 

9.

Балалар түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары

+

 

10.

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін маникюр мен педикюр қызметтері (жазба бойынша)

+

 

11.

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер

+

 

12.

Супермаркеттер, гипермаркеттер

+

 

13.

Азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған)

+

 

14.

Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

+

 

15.

Жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

+

 

16.

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, қонақ үйлер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері / базалары, туристік базалар және т.б.)

+

 

17.

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология

алдын ала жазылу бойынша

 

18.

Қоғамдық көлік

(қарбалас уақытта автобустар санының көбеюі, барлық есіктердің ашылуы, отыратын орындар саны бойынша толымдылығы)

 

19.

Банктер, ХҚКО, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері

+

 

20.

Мектепке дейінгі мекемелер

+

 

21.

Ұйымдар, кеңсе* (сілтемені қараңыз)

50% - қашықтағы режим;

50% - күндізгі режим

 

22.

Діни объектілер

толымдылығы 30%-дан аспайтын, бір адамға кемінде 4 ш.м. алаң қамтамасыз етілген кезде

 

23.

Мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) ***

50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан аспайтын уақытта 7-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 

24.

Жазғы аландар ***

жұмыс істеуге рұқсат сағат 7-ден 24.00-ге дейін

 

25.

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері ***

+

(тәулік бойы)

 

26.

Стрит-фудтар (жеке тұрған шатыр / ларек / отыратын орны жоқ дүңгіршек)

+

 

27.

Моншалар

+

 

28.

Сауналар

+

 

29.

СПА-орталықтары, бассейндер

+

 

30.

Қала маңындағы жолаушылар поездарының (электр пойыздарының) қозғалысы

жалпы вагондарсыз

 

31.

Жолаушылар поездарының қозғалысы

жалпы вагондарсыз

 

32.

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

+

 

33.

Спорт кешеңдері, спорттық-сауықтыру орталықтары және йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-орталықтар

+

 

34.

СОО, сауда үйлері

+

 

35.

Мәдениет объектілері (дайындық)

30 адамға дейін

 

36.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

толымдылығы 20%-дан артық емес

 

37.

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес.

 

38.

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес.

 

39.

Бильярд бөлмелері

-

 

40.

Компьютерлік клубтар

-

 

41.

Боулинг

-

42.

Цирктер

-

43.

Балалар ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар)

-

44.

Ашық ауадағы аттракциондар

+

45.

Балаларды сауықтыру ұйымдары

толтырылуы 50%-ден артық емес

46.

Көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізу

толымдылығы 15%-тен артық емес

47.

Еске алуды өткізу

-

48.

Банкет залдары** (сілтемені қараңыз),***

-

49.

Түнгі және ойын клубтары

-

50.

Караоке

-

51.

Океанариум

-

52.

Конференциялар, форумдар, ойын-сауық, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар

-

53.

Көрмелер

-

54.

Лотерея клубтары, букмекерлік кеңселер

-

55.

Мерекелік корпоративтер

-

 

«+» - қызметке рұқсат етілген;

«» - қызмет ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген;

«-» - қызметке тыйым салынады.

* - Ұйымдар, офистер қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде C0VID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19-мен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

** - банкет залдары мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша ас беру және келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді;

*** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).;

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

орынбасарының

2021 жылғы 29 қазандағы

№ 36-Қ қаулысына

2 қосымша

 

Қарағанды облысы

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігері орынбасарының

2021 жылғы 07 қазандағы

№ 35-Қ қаулысына

50 қосымша

 

 

COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары адамдар үшін оқшаулау тәртібі.

 

I. COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары адамдар үшін оқшаулау тәртібі

1. COVID-19 жұқтыру қаупінің жоғарылауы COVID-19 науқастарымен тығыз байланыста болған адамдарда болады.

Расталған COVID-19 жағдайының жақын байланысы келесідей анықталады:

- бір тұрғын үйде COVID-19 жағдайымен бірге тұратын адам;

- COVID-19 немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінуімен ауыратын науқаспен қорғалмаған тікелей байланысы бар адам (мысалы, жөтел, қол алысу және т.б. кезінде);

- ЖҚҚ (қорғаныш бетпердесін) пайдаланбай жабық үй-жайда болған адам (мысалы, сыныпта, жиналыс бөлмесінде, ауруханада күту бөлмесінде және т.б.) COVID-19 жағдайымен бірге 1,5 метрден кем қашықтықта 15 минут немесе одан көп уақыт ішінде;

- медициналық қызметкер немесе COVID-19 науқастарына тікелей күтім жасауды қамтамасыз ететін басқа адам немесе COVID-19 науқастарының биоүлгілерімен жұмыс істеген ұсынылған ЖҚҚ-сыз немесе ЖҚҚ қолдану қағидаларын ықтимал бұза отырып жұмыс істеген зертханалық мамандар;

- ұшақта, қалааралық автобуста, пойызда, COVID-19 науқасынан кез-келген бағытта екі орындық қашықтықта болған, сондай-ақ COVID-19 науқасы ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері.

Жақын байланыстар орнату үшін эпидемиологиялық байланыстарды тексеру кезеңі COVID-19 жағдайы анықталғанға дейін 14 тәулік бұрын басталуы және COVID-19 жағдайын оқшаулау сәтімен аяқталуы тиіс.

2. COVID-19 науқасымен байланыста болған адамдарға қатысты шаралар (жақын байланыста):

1) COVID-19 науқасымен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болмаған кезде 14 күнге үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады.

Оқшаулаудың 3-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға контактіні (жақын байланыс) зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі. ПТР-зерттеу нәтижесі теріс болған жағдайда МСАК маманы күн сайын 14 күн ішінде байланыста болған адаммен телефон арқылы оның денсаулық жағдайы (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы) туралы нақтылайды, 14 күн өткен соң COVID-19 белгілері болмаған кезде карантин және оқшаулау аяқталады. ПТР-зерттеудің нәтижесі оң болған кезде МСАК маманы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19 науқасы туралы шұғыл хабарлама береді.

2) COVID-19-мен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болған кезде МСАК маманының медициналық тексерісінен өтеді. Covid-19 белгілері болмаған кезде байланыста болған адамдар үй карантиніне оқшауланбайды, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмейді, МСАК маманы күн сайын 14 күн ішінде телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулық жағдайы (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы) туралы нақтылайды. Аурудың белгілері пайда болған кезде байланыста болған адам ПТР-тест нәтижелерін алғанға дейін, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруге және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. COVID-19 диагнозы расталған кезде МСАК маманы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19 науқасы туралы шұғыл хабарлама береді.

3. Симптомсыз вирус тасымалдаған кезде пациент осы қаулының 36-қосымшасына сәйкес, оқшаулау жағдайлары болған кезде COVID-19 науқасымен соңғы байланыста болған кезден бастап 14 күнге амбулаториялық жағдайларда және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. Бекітілген алгоритмге сәйкес тәуекел факторлары болған кезде және үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде емдеуге жатқызу туралы МСАК маманы әрбір жағдайда жеке шешімді қабылдайды.

Учаскелік терапевт үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыға коронавирустық инфекцияның клиникалық симптомдары болуын қадағалау үшін күн сайын қоңырау шалуға міндетті.

COVID-19 науқасымен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күн ішінде клиникалық симптомдар болмаған кезде карантин аяқталады.

Карантин аяқталған кезде ПСМП маманы асимптоматикалық вирус тасымалдаушыға COVID-19 алдын алу шараларын сақтау қажеттілігі туралы ұсыныстар береді (медициналық бетпердені, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық).

Үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыда аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде (дене температурасының 38 градусқа дейін және одан жоғары көтерілуі, тамақтың ауыруы, әлсіздік, жөтел, бас ауруы, ентігу, тыныс алудың қиындауы және коронавирустық инфекцияның басқа да белгілері) учаскелік терапевт санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19 науқасы туралы шұғыл хабарлама береді.

Шұғыл хабарлама келіп түскен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі осы COVID-19 ауруын тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, оны асимптоматикалық вирус тасымалдаушыларды есептен шығарады, сондай-ақ симптомсыз вирус тасымалдаушылық жағдайларының манифестік нысандарға (симптомдары бар жағдайлар) көшуінің жеке статистикасын жүргізеді.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

орынбасарының

2021 жылғы 29 қазандағы

№ 36-Қ қаулысына

3 қосымша

 

Қарағанды облысы

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігері орынбасарының

2021 жылғы 07 қазандағы

№ 35-Қ қаулысына

51 қосымша

 

 

Үйде оқшаулау шарттары (Үй карантині)

 

Үй карантинінің мақсаты - аурудың ықтимал көзінен COVID-19 жұқтырудың алдын алу және сол арқылы Қазақстан аумағында COVID-19 таралуының алдын алу.

Үй жағдайында тұру кезінде карантин ұйымдастыру шарттары:

Үй карантині келесі талаптар/шарттар орындалған жағдайда мүмкін болады:

1. Оқшаулауға жататын адамды (байланысқан, симптомсыз вирус тасымалдағыш) жеке бөлмеде орналастыру немесе 1 адамға кемінде 4 шаршы метр болған жағдайда бір бөлмеде бірге тұру мүмкіндігі бар болуы.

2. Байланысқан, симптомсыз вирус тасымалдағыш және отбасының/үй шаруашылығының басқа мүшелері алдын алу шараларын сақтауы тиіс (қолды сабынмен жиі жуу, күнделікті ылғалды жинау жүргізу, үй-жайларды желдету, медициналық бетперде кию).

3. Үй шаруашылығында COVID-19 инфекциясынан кейін асқыну қаупі жоғары адамдары жоқ болуы (60 жастан асқан адамдар жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, созылмалы бүйрек аурулары, жүкті әйелдер).

4. Қалалық телефонға немесе ұялы байланысқа қол жетімділік бар болуы.

5. Үй карантині режимін міндетті түрде орындау туралы қол қойылған қолхаттың болуы.

6. Адам үй карантині режимін сақтау бойынша өзіне міндеттемелер алады және қолхатта жеке қолымен куәландырады. Үй карантині режимін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!