Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығы
(2020.08.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 2016.29.11. № 687 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.27.07. № 338 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2019.08.05. № 202 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 1000 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 2016.29.11. № 687 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.27.07. № 338 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2018.12.11. № 506 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.18.01. № 30 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.08.05. № 202 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.22.07. № 350 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.17.09. № 427 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.10.12. № 555 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;