2017 жылға арналған субсидиялауға жататын нақты өндірген, сатып алған, пайдаланған тұқымдардың шығындарын ішінара өтеуге үшін квоталарын белгілеу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 294 Қаулысы
(2017.14.09. берілген өзгерістермен)
«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларының 15-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 болып тіркелген) Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қостанай облысы әкімдігінің 2017.14.09. № 450 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мынадай квоталар:
1) Қостанай облысы әкімдігінің 2017.14.09. № 450 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының нақты сатып алған бірегей тұқымдарына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
3) элиталық тұқым өсіру шаруашылығы бір уақытта бірегей тұқым өндіруші болып табылған жағдайда, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтардың егіске нақты пайдаланған өзі өндірген суперэлиталық тұқымдарына кеткен шығындарын ішінара өтеуге осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;
4) тұқым өсіру шаруашылықтарының және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің нақты сатып алған элиталық тұқымдарына жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес;
5) тұқым шаруашылығы бір уақытта элиталық тұқым шаруашылығы болып табылған жағдайда, тұқым шаруашылықтардың егіске нақты пайдаланған өзі өндірген элиталық тұқымдарына кеткен шығындарын ішінара өтеуге осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес белгіленсін.