Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 133 бұйрығы
(2017.21.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 23) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындардың нормативтері бекітілсін.
2. «Ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге жұмсалатын шығындардың нормативтері» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 25 қазандағы № 722 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге алу тізілімінде № 8075 болып тіркелді, 2012 жылы 8 желтоқсанда «Казахстанская правда» газетінде № 427-428 (27246-27247) жарияланды) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б.Қазанғап):
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;