Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 17 апреля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 17 апреля 2025
Дата последнего изменениячетверг, 17 апреля 2025

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығы

 

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) осы бұйрыққа 6-1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 55209 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 6-1-қосымшамен толықтырылсын.

2. 55209 әскери бөлімінің командирі заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

1) жарғыны Қазақстан Республикасының Әділет органдарында уақтылы мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті:

1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами