Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1445 Қаулысы
(2022.25.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 14 қарашадағы
№ 1445 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2022.25.03. № 160 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2017.15.06. № 367 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Туризм жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Туризм жөніндегі кеңес құрамына мыналар енгізілсін:
| Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төраға |
| Танысбаев Қуат Мұратұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, хатшы |
| Омаров Мұрат Ескелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары; |
мына:
| «Рау Альберт Павлович | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын: