2018 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 467 Қаулысы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 707 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2018 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
мына:
«
| | | | Барлығы: | 854 370 047 | 641 628 793 | 437 917 453 |
| | | | I. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар | 278 537 205 | 272 180 802 | 223 299 087 |
| 1 | | | | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 2 159 383 | 216 282 | 216 282 |
| 217 | | | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi | 1 288 562 | | |
| | 030 | | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту | 195 252 | | |
| | | 101 | «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту | 195 252 | | |
| | | | оның ішінде инвестициялық жобалар: | | | |
| | | | Өзгелер | 195 252 | | |
| | | | «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту | 195 252 | | |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| | | | Барлығы: | 855 423 154 | 641 628 793 | 437 917 453 |
| | | | I. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар | 279 360 035 | 272 180 802 | 223 299 087 |
| 1 | | | | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 2 130 451 | 216 282 | 216 282 |
| 217 | | | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi | 1 275 074 | | |