Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 317 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты «Астана-Петропавл» автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 километр (бұдан әрі - км) - 230+250 км учаскесі (бұдан әрі - ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылады;
2) баламалы жол: «РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана - Атбасар» учаскесі, «Көкшетау - Атбасар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Атбасар - Зеренді» учаскесі», «Щучье - Зеренді» республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүріп өту жүзеге асырылуы мүмкін;
3) ақылы жолдың бастапқы пункті - 18+772 км, ақылы жолдың соңғы пункті - 230+250 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы - І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;
алымдар алу пункттері жеріндегі автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,00 метр;
алым алу пункттері жерінде жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені - кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 6 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы - 211 км 478 метр;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем ставкалары осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес айқындалады;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі - 20 жыл деп белгіленсін.