Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 2 шілдедегі № 72-н/қ бұйрығы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 35-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Агенттіктің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы | А. Саткалиев |
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігінің төрағасы
2026 жылғы 2 шілдедегі
№ 72-н/қ бұйрығымен
бекітілген
Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер