Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығы
(2025.14.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2024.25.11. № 429 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырлуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 30 мамырдағы
№ 265 бұйрығымен бекітілді
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш
құрылыстарын есепке қою және есептен шығару
қағидалары
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.06.06. № 417 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер