Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ, қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 6 қарашадағы № 666 бұйрығы
(2017.10.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.10.10. № 756 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 162-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.10.10. № 756 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қанның, оның компоненттері мен қан препараттарының номенклатурасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қанды, оның компоненттері мен препараттарды сақтау, құю қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Мынадай: