Борышкердің оңалту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 396 бұйрығы
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес борышкердің оңалту жоспарының үлгілік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау бойынша мәліметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі | А. Смаилов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
орынбасары- Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 396 бұйрығына
қосымша
________________________________
(Т.А.Ә. (егерде ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілген
болса) немесе борышкердің атауы)
кредиторлар жиналысының
20___ жылғы «___»_______
№____ хаттамасымен
келісілді
__________________________________
(кредиторлар жиналысы
төрағасының қолы, Т.А.Ә.
(егерде ол жеке басын
куәландыратын құжатта
көрсетілген болса)
_________________________________
(облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың атауы)
Мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының
20___ жылғы «__»_______ № __
ұйғарымымен бекітілді
Борышкердің оңалту жоспарының үлгілік нысаны
| _________ (күні) | ______________ (жасалған жері) |
1-бөлім. Борышкер туралы жалпы деректер
1.1. Борышкер туралы мәліметтер