Введите номер документа
Прайс-лист

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 344 Қаулысы (2017.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапонедельник, 27 апреля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 7 апреля 2017

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту тралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 344 Қаулысы

(2017.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2017.07.04. № 180 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша):

1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен Іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат берсін;

3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты игеру жөніндегі ақпаратты және тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күніне қарай құрылған, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс орындары жөнінде ақпарат берсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом